Туризм. Креатив. Тың идеялар

Screenshot_30.jpg

Жыл басында «Қазақстанның 100 жаңа есімі»жобасының жеңімпаздарын қабылдағанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің ұлтымыздың бойында креативті индустрияны дамытудың аса зор мүмкіндігі бар. Дәл қазір креативті экономика миллиардтаған доллар инвестиция тартудың, тұрақты экономикалық өсудің, әлеуметтік өркендеудің бірден-бір жолы. Қазақстан мәдениетінің өкілдері өңірлік және жаһандық деңгейде өз орындарын ойып тұрып алып жатыр. Біз осы мүмкіндікті еліміздің мәдениетін әлемге танытудың жолы ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтан мен Үкіметке осы стратегиялық маңызды саланы қолдау үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым», – деген еді. Араға аз уақыт салып, Шымкентте үдеріске бейімделу процесі басталып кетті. 

Шаһардағы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы туризмді дамыту, инвестиция тарту, Smart-инфрақұрылым, креативті жобалар мен маркетинг, сыртқы байланыстар секілді заманауи трансформациялану бағыттарында қызмет атқаратын болады. Одан бөлек, аталған бастама Шымкент қаласы экономикасының дамуына жаңа серпін беріп, «Туристік креативті қала бейнесін» қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, туризм мен креативті индустрияны біріктіру – бұл ең алдымен туризмді жаңа деңгейге шығарып, саланы дамытуға тың идеяларды енгізе отырып, жаңашыл бағытта ілгерілеуге септігін тигізеді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған бағыттар қаланың жаңа бейнесін қалыптастырып және жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика түсімін жоғарылатып, келуші туристер легін арттырады деген жоспар бар. Осы ретте, жастардың шығармашыл идеяларын қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан түрлі сала өкілдерінен тұратын «Креативті кеңес» жұмыс істейді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы