Жемқорлықпен күрес мәселесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жіті қадағалауында

b74ff62e-4388-49ef-8272-80b7ba283840.jpg

Өңірде халық санының көптігі, әлеуметтік мәселелердің артуы жемқорлық қауіп қатерге әсер етеді. Отырыста жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған коллегиялар, қоғам белсенділерінің көмегімен анықталған заңбұзушылықтар, тұрғындар арасында жүргізілген насихат жұмыстары мен БАҚ-та жарық көрген материалдар талқыланды. 

   «2018 жылы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты 806 мемлекеттік қызметкер заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Олардың басым бөлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде жұмыс істейді. Сондықтан,  сыбайлас жемқорлықпен күресті, жемқорлыққа қарсы мониторингті күшейтіп, нәтижесін онлайн-режимда бақылау қажет. Бұған қоса, жемқорлықтың алдын алуда қызметтік этика мен мемлекеттік қызметтің тәртібін сақтау да маңызды рөл атқаратынын ескерген жөн», - деді Болат Төкежанов.    

     Жиынға Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің департамент басшылары, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарындағы аудандық басқарма басшылары, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбаасры қатысты. 

     ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Ұлт жоспары «100 нақты қадам», Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың  кешенді жоспары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы» меморандум, Денсаулық сақтау министрлігінің 2019-2020 жылдарға арналған  жоспарының аясында кешенді іс-шаралар атқаруда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады