Түлкібаста биыл 130 азамат «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен кәсібін бастады

119900942_787399865341632_864547460999833139_n.jpg

Түлкібас ауданында биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 127 азамат 555 мың 600 теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Оның ішінде 79 азамат алған қаржыны мал шаруашылығында, ал 38 азамат үй іргелік жерден мол өнім алу бағытында тамшылатып суару әдісін енгізу мақсатындағы кәсіп ашқан. Сонымен қатар, мемлекеттік қайтарымсыз қолдау қаржысын алған он азамат тігін цехы, шаштараз, тәтті тағамдар дайындау, массаж салондары мен көлік жөндеу орталықтарын ашу мақсатында жұмсаған. 

Ал, Азаттық ауылының тұрғыны Икрам Аброржан өткен жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік мектебінде бір ай оқу оқып, 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Оған автокөліктердің электр жүйесін жөндейтін орталық ашып, бүгінде күн сайын кемінде он көлікті жөндеп, нәпақа тауып жүр. Айына орта есеппен 200-250 мың теңге пайда тауып отыр. Орталықта жергілікті үш адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды