Қоғамдық қабылдауда маңызды мәселелер айтылды

8.jpg 

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

-Заң үстемдігі орнықпаса және аза¬мат¬тардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бір¬де-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды.   «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет,-деген болатын. Яғни, басшылар тұрғындардың талап-тілегін тыңдап қана қоймай, оның нақты шешу мәселесіне де жауапты қарауы тиіс. 

Президенттің осы тапсырмасын орындау, халықтың талап-тілегін құлақ асу мақсатында «Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қабылдауға келген азаматтар: тыл ардагерін тұрғын үй кезегіне қою, жол жиегіндегі қоршаулар мәселесі мен ауыз су сапасын жақсарту, жұмыспен қамту және жер мәселесі, егістік жерді конкурсқа қою мәселесі, жерасты суының көтерілуі және тұрғын үй мәселелерін қозғады.

Қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін мұқият  тыңдаған Қайрат Жолдыбай тұрғындарға заңды түрде жауап беріп, туындаған мәселелердің шешу жолдарын жан-жақты түсіндірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды