Теріскейдің жастары-ел мақтанышы

18.jpg

Сырлы Созақ жері Қазақ хандығының алғашқы астанасы, талай қазақтың ханына орда, халқына құтты мекен болған өлке. Қазіргі таңда Созақ ауданындағы жастар саны – 15051.  Бұл аудан халқының 24 пайызын құрайды. Созақ ауданының жастары тек облыс аумағына емес, Қазақстанға танылуда. 

2011 жылы облыс әкімінің қолдауымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі ашылған болатын. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қатысуымен 2020 жылы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не жаңа ғимаратты жастар игіліне табыс етті.

Жастар ресурстық орталығы 14-29 жас аралығындағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық, мәдени, саяси, танымдық іс-шаралар ұйымдастырады және аудандағы талантты, дарынды жастардың қабілетін шыңдау мақсатында аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуына жағдай жасайды, жастарға әлеуметтік санаты бойынша талдау жасап, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізеді, психологиялық, заңгерлік қызмет жұмыс атқарады. 

Аудан аумағында 328 жас кәсіпкер бар. Орталықтың ұйымдастырған іс-шараларына, қайырымдылық акцияларына жас кәсіпкерлер қатысып, қолдау көрсетіп отырады. 

Спорт және мәдениет саласында жүрген жастар Созақ ауданын тек облыс аумағына емес, Қазақстанға танытуда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды