Шардаралық ардагерлер жаңарған Түркістанды тамашалады

Әр түрлі салада қызмет еткен 30-дан астам шардаралық ардагер түрленген Түркістан қаласын тамашалады. Қариялар ең алғашқы зияратын Арыстанбаб кесенесінен бастап, Отырар қалашығын, Керуен сарай, Ясауи кесенесін, Фараб кітапханасын, Алатау медиа орталығын, облыс әкімдігін, Конгресс холл және басқа да Түркістан шаһарынан жаңадан бой көтерген нысандарды аралады.

image.png

Сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін көрмеге қатысты. Түрленіп, түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін таңдана да тамсана тамашалап, саяхаттан рухани серпіліп қайтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деп атап көрсеткен болатын. Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық аудан, қала ардагерлері арнайы ұйымдастырылған сапар аясында жаңарған Түркістанды тамашалауда. Жаңарған Түркістанға қонақ болып келетін ардагерлер - аймақтың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан білім, мәдениет, ғылым, өндіріс және және басқа да түрлі салаларда жетекшілік еткен білікті ақсақалдар. Оларды карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, Түркістанға алып келіп, қаланы аралатуға аудан, қала басшылары жауапты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды