Барлық жұмыс заң шеңберінде жүзеге асады

Screenshot_8.jpg

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Айдарұлы қоғамдық қабылдау өткізіді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, төрағаның бірінші орынбасары Е.Исақұлов және де бөлім басшылары қатысты. 

Жігерген ауыл округі, Дихан елді мекенінің тұрғындарының айтуынша, облыстық маңызы бар Ж. Дүйсенбеков көшесінің бойында соңғы 5 жыл ішінде бірнеше жол-көлік оқиғасы болған. Жол-көлік оқиға салдарынан бір бала қаза тауып, бірнеше адам дене жарақатын алғанын айта келе, Диқан жалпы орта білім беретін мектеп КММ-нің оқушыларының және  ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында, мектеп алдына "Жасанды бұдырлық"(лежачий полицеский)    орнатып беруді өтінді.  Сонымен қатар, ауылдың участковыйы жұмыс жасамайды, кім екенін де білмейміз. Мемлекеттен жалақы алып отырған соң,неге жұмысын жауапкершілікпен атқармайды?-деген, реніштерін де, білдірді.

Нәтижесінде: Жолдың жасанды бұдырлығын,жол берліглерін орнатудың өз тәртібі, қағидасы бары түсіндірілді. Егер заң талаптарына сәйкес келсе, орнату жұмыстары жүргізілетіндігі айтылды. 

Жігерген ауылынан келген зейнеткер Қ.Мырзабаева апамыздың айтуынша 2012 жылдан бері «Береке» ШҚ 5га жер алып бөлініп шыққан. Дегенмен 5 га жердің- 1,5 га жерін әлі күнге ала алмай сандалып жүр. Осы мәселенің шешілуіне көмек берілуін өтініп келген.

Нәтижесінде: Қ.Мырзабаеваның өтініші бойынша кооператив төрағасымен келісіп шешуге ықпал етілетіндігі түсіндірілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Барлық жұмыс заң шеңберінде жүзеге асады
  • Тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты
  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті