Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері тыңдалды

Screenshot_9.jpg

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Айдарұлы қоғамдық қабылдау өткізіді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, төрағаның бірінші орынбасары Е.Исақұлов және де бөлім басшылары қатысты. 

Қазығұрт ауылының тұрғындары, жалғыз басты, көп балалы аналар- Ұ.Құлтаева,К.Сейтова,Д.Джаксыбаева  пәтер жалдап тұрады, мемлекет  тарапынан ешқандай көмек алмайтынын,тұрақты жұмыстары жоқ екендігін айтып, әлеуметтік көмек көрсетілуін және де жұмысқа орналастырып беруді  өтінді.

Нәтижесінде: Ұ.Құлтаеваға 2-3 жұмыс орны ұсынылды. К.Сейтоваға атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарын өткізу керектігі айтылды. Д.Джаксыбаеваның өтініші бойынша құжаттары реттелетіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар ұлының еміне көмек берілетіндігі шешілді.

Үй кезегінде тұрған Қазығұрт ауылының тұрғындары жалғыз басты, Г.Төлепбаева және Полатов Т- кезектің жылжымайтындығын айтып,сонымен қатар 2-3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, қараушылары жоқ екендігін айтып шағымданды.

Нәтижесінде: Қазіргі таңда ауданда тұрғын үй салынбауына байланысты кезек жылжмай тұрғандығы айтылды. 2-3 топ мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеке көмекші тағайындалмайтыны, тек 1 топтағы мүгедектерге тағайындалатыны түсіндірілді.

Алдағы уақытты мұндай қоғамдық қабылдау жиі өткізіліп тұра бермек.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері тыңдалды
  • Барлық жұмыс заң шеңберінде жүзеге асады
  • Тұрғындардың мәселелері оң шешімін тапты
  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда