Талғампаз туристерге де есік ашық

image.png

Таза және бүлінбеген табиғи объектілері көп Қазақстан экотуризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Этномәдени туризммен үйлескен қызықты табиғи ландшафттар, бірегей экологиялық соқпақтар тіпті ең талғампаз туристерді де бей-жай қалдырмайды.  Түркістан облысы Төлеби ауданы соңғы жылдары туристерді түрлі демалыс орындарымен ерекше қызықтырып келеді. 

image.png

Ежелгі кәсіптің бірі балық шаруашылығы – экономикаға ғана емес сонымен қатар туризмге де қолайлы сала екенін білесіз бе? Ия, балық аулауды, балық етін жеуді ұнататындар енді Төлеби ауданына бет алса болады. Себебі Көксәйек ауылдық окургі  3,0 га жер телімінде орналасқан  «Сақ» демалыс аймағы келушілер  үшін ерекше демалыс ұсынады.  Бүгінде мұнда  балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылып, 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Балық шаруашылығында 3 көл бар, онда карп пен форель балықтары өсірілуде. Ерекше демалысты қалайтын туристер мұндай балық аулап, сол балықтан дәмді тағамдарды татып көре алады. Әрі ежелгі сақ моншасына түсуге де мүмкіндік бар. 

image.png

Айта кетейік, өткен жылдың ресми статистикалық мәліметі бойынша Төлеби ауданына 47000 турист келіп кеткен. Бейресми дерек бойынша келушілер бұдан да көп. Туристер негізінен облыстың аудандарынан және Шымкент қаласынан келеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Талғампаз туристерге де есік ашық
  • Түркістан қаласы республикалық деңгейдегі топ-10 негізгі дестинациялардың қатарына қосылды
  • Ресторандар қала тұрғындары мен қонақтарына дәмді тағамдар ұсынды
  • GASTRO FEST TURKISTAN - 2022 фестивалі өтті
  • «Қаратау» - ұмытылымас демалыс сыйлайды