Адреналин сыйлайтын орын

image.png                                  

Төле би ауданында туризмге қолайлы аймақтар көп.  Туристер арасында  ең танылғаны Біркөлік шатқалы.   Біркөлік шатқалы –  Төле би ауданында, Шымкент қаласы­нан 50 шақырым жерде, теңіз дең­гейінен 1100 м. биіктікте Тя­нь-Шань тау сілемдерінде ор­на­ласқан. Шатқал бойымен Біркөлік өзені ағады. Мұнда жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары, емен, шынар, зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөп­тер өседі. Шатқал бойынан, тас­ты жырақтардан, тау бұлақ­та­рынан басталған Біркөлік өзені ағып жатыр. Он­ың таза, мөлдір, салқын суы шат­қалдың жасыл алқабын су­ландырып, ауаны аэроиондап, айналаға салқын жел алып келеді. Тау­дың жасыл желегі ауаға бакте­ростатикалық әсер етіп, фитонцидтермен тазартады. Жал­пы, жергілікті ауа дем алу органдарына, жүрек-тамыр жүйелеріне әсер етіп, орталық жүйке жүйесін сергітеді.

image.png

Міне, осындай табиғат  етегінде демалғанды ұнататындар үшін  мұнда көптеген демалыс орындары ашылған.   Соның ішінде «Dolana Tau» демалыс аймағына келушілердің қатары жыл санап артып келеді.  

image.png

Көрікті, таза, жайлы мекенде:

- Барлық жағдайы жасалған коттедждер

- Монша

-Бассейн

- Жазғы тапшандар

- Арнайы от алау жағуға арналған орындар қарастырылған.

image.png

«Долана таудың» басты ерекшелігі мұнда 150 метр биіктікте орналасқан сырғанақ (тюбинговая горка)бар.  Адреналинді қалайтындар үшін сырғанақта  жылдың кез-келген мезгілінде қызмет көрсетеді. Балалар мен қатар ересектер де мұның рахатын сезіне алады. 

image.png

Демалыс аймағында туған-туыстармен, достармен жылы атмосферада өткізуге шақырамыз.

Сіздердің жақсы демалыстарыңыз үшін мұнда бәрі бар!

Байланыс нөмірі: +7778 833 77 77

+7778 833 88 88

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Адреналин сыйлайтын орын
  • Қонақтардың көңілінен шыққан «Villa»
  • «Шипа бұлақ» сіздерді күтеді!
  • Киелі орындарға келушілер көп
  • Төлебиде туристік бағыттағы жолдар жөнделуде