Шымкент қаласынан бар-жоғы 45 шақырым қашықтықта орналасқан Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Батыс Тянь-Шань тауының етегiндегі демалыс аймақтарының қатары жылдан-жылға артып келеді. Соңғы жылдары демалушылар қарасының көптігі сонша, алдын ала тапсырыс бермеcеңіз орын таппай қалуыңыз мүмкін. Оның үстіне қазір демалыс аймақтарында нағыз қонақтарды қабылдайтын уақыт. Бұл кешендер болашақта өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады деп жоспарланған.
Қысы-жазы қонағы үзілмейтін демалыс орындарының бірі – «Көксәйек». Демалыс аймағы келушілерді жайлы орындарымен қатар жеміс бағымен таңқалдырып келеді. Ия, мұнда жаздың күндері келсеңіз үлкен бауды аралап, онда алма, алмұрт, шие, айва, алша, қара өрік тіпті, жүзімнен дәм татуыңызға болады.
Сондай-ақ мұнда коттедж, жазғы тапшандар, монша, сауна, бассейн бар. Кез-келген тағамыңызды әзірлеуге арналған ыңғайлы асханада кәуаптан бастап, қуырдаққа дейін дайындауға мүмкіндік қарастырылған. Нысанның жанынан ағып өтетін Сайрам суды да көзбен көріп, шомылуға болады. Отбасыңызбен, достарыңызбен, туыстарыңызбен немесе әріптестеріңізбен уақытты қызықты өткізуге лайықты мекен. Бағалары да қолжетімді.
Байланыс телефоны 87014178079