Келушілерге «Green park» -тың есігі ашық

image.png

Климаты жайлы, таудың етегінде жатқаг  Төлеби ауданы еліміздің ішкі туризмін дамытуға үлес қосып отырған бірден-бір өлке.   Табиғаты әсем Біркөлік шатқалы Швейцарияның жерінен кем түспейтіні анық. Ауданда Алланың осындай керемет сыйын бүгінде ел игілігі үшін пайдаға асырып отырған кәсіпкерлер көп. Яғни заманға сай демалыс орындарын ашқан бизнес өкілдері біріншіден туризмді дамытса, екіншіден ауданның экономикалық-әлеуметтік жағдайының жоғарылатуына да оң септігін тигізуде. Биылғы жылы шатқалда тағы бір нысанның тұсауы кесілді. «Green park» деп аталатын демалыс орны атына заты сай мекен. Жасыл желек аясында орын тепкен кешен расымен де адамға ерекше әсер сыйлайды.  «Green park» - Біркөлік тау шатқалының түбінде және өзеннің жағасында орналасқандықтан , әсем табиғаттың аясында демалысыңызды керемет әсермен өткізесіздер!

image.png

   Қонақтарға есігін айқара ашқан су жаңа нысанда:

- Коттедж (4 люкс нөмірлері

- Монша

- 2 бассейн

- 50 адамға арналған екі бірдей  банкет залы

- Барбекю алаңы

- Караоке

- Теннис, футбол, волейбол алаңдары

- Жазғы тапшандар орналасқан.

   Өзеннің сылдырап аққан дауысын естіп отырып , таза ауада тамақтанып, шомылып, спортпен шұғылдануға  таптырмас мекен. 

image.png

image.png


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Келушілерге «Green park» -тың есігі ашық
  • Қонағы үзілмеген «Арман»
  • Заманауи демалыс орындары көбеюде
  • «Керемет көргің келсе, тауға бар»
  • Таудың ауасы жанға дауа