Туристерге жылдың төрт мезгілінде қызмет көрсетеді

Табиғат аясындағы ұмытылмас демалысты  Төлеби ауданы «Сайрам Өгем» ұлттық саябағы аумағында орналасқан демалыс орындарында өткізуге болады. Солардың бірі  - Vivood tau демалыс аймағы. 

image.png

Нағыз тау сілемдері мен жасыл шыршалар көмкерілген  өлкенің ортасында орын тепкен бұл нысанда тек қана айналадағы сұлу табиғатты тамашалап қана қоймай, оны атпен аралалауға болады. Сондайқ-ақ садақ атуды ұнататындар үшін мұнда садақ ату орындары ұйымдастырылған.  

Туристерге  таза ауада дәмді ас ұсынылады немесе кәуапты өз рецебіңіз бойынша әзірлеуге де барлық жағдай жасалған. Демалыс орнында заманауи үлгідегі үйшіктер бар. Олар  тауға қарама қарсы, әдемі табиғатымен ерекшеленеді.   Vivood tau   қонақтарға жылдың 4 мезгілінде де қызмет етуге дайын.  

Алыс жолдан немесе сапардан келіп, шаршағанды басатын жер ол әрине - душ. Соған орай үйшіктерде  ыңғайлы жуынатын бөлме дайындалған. 

Демалыс аймағы әсіресе  фотосессия жасағанға таптырмас жер!  Қаланың лас ауасынан шаршаған кезде, осында  келіп таудың ортасында,  әдеміліктің арасында, таза ауамен демалып, садақ атып қайтыңыз. 

image.png

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туристерге жылдың төрт мезгілінде қызмет көрсетеді
  • Төңкерісте демалыс орындары көбеюде
  • Шетелдік туристерге жарна құны бекітілді
  • Төлебиде биыл 4 туристік нысан ашылады
  • Төлебиге туристер ағылуда