У-шудан ада мекен

 image.png

Жыл сайын жаз келгенде жұрт еңбек демалысына шығып, өзі тұратын елдің ішіндегі немесе шетелдегі демалыс орындарына барып демалғанды ұнатады.

Төле би ауданында  демалуға қолайлы, көрікті жерлер аз емес. Туризмнің табыс көзі екенін жақсы білетін жергілікті әкімдік соңғы жылдары өңірдің туризм саласына айрықша көңіл бөліп келеді.  Бұл саланың гүлденуіне кәсіпкерлер де ат салысуда. Міне, осындай бірлескен еңбектің арқасында бүгінде ауданда 80-ге жуық демалыс орындары ашылған. 

image.png

Солардың бірі қонағы үзілмейтін  "TAU-БУРГУЛЮК" демалыс кешені. Қаланың у-шуынан қашып, тыныш жерді іздеп келген жандарға таптырмас орын.  Көркі аңызға айналған Біркөлік шатқалының баурайында орын тепкен  нысанда жаның жай тауып, көңілің рахаттанады. Тау суына түскің келсе 12 метрлік бассейн дайын тұр. Ал мұндағы ыстық моншадан кейін жеңілденіп, дәмді тағамдардан дәм татуға болады.

image.png

Сондай-ақ жақын адамдарыңызбен караокеде ән салсаңыз жаныңыз жадырап сала бермек. Асты өзі әзірлейтінді ұнататындар үшін барбекю алаңы қашанда ашық. Тамақтанып болған соң спорт алаңшасында сергіп алсаңыз болады. Ал түн тыныштығы үшін жайлы коттедждер сізді күтеді.  

Ал осындайй қызықтың бәрін достарыңызбен бөліскіңіз келсе, мархабат, мұнда  Wi-Fi  желісі тартылған. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • У-шудан ада мекен
  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені