«Қасқасу-Таусамалы» демалыс аймағына барар жол жөнделуде

image.png

Жаз маусымы тауға туристердің нағыз ағылатын кезеңі. Сондықтан Төлеби аудан әкімдігі туристік бағыттағы жолдарды жөндеуге кірісіп кетті. Қазіргі таңда   «Қасқасу-Таусамалы» демалыс аймағына барар жол жөндеуден өтіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, аудандағы облыстық маңызы бар КХ-82 «Шымкент-Қасқасу-Көксәйек-Шымкент» автомобиль жолынының 34-70 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары Шымкент қаласының шекарасынан басталып Шомшақты, Зертас, Көксәйек, Қазақстан, Тасарық, Қасқасу, Ұзынарық, Диханкөл елді мекендерін қамтиды. Бүгінде мердігер «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан Қасқасу мен Көксәйек елді мекендері аралығында асфальт жабындысы төселіп жатыр. Нәтижесінде нысанды биыл қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қасқасу-Таусамалы» демалыс аймағына барар жол жөнделуде
  • У-шудан ада мекен
  • «COMFORT»- та бәрі жайлы
  • «Ұлы таудың» атмосферасы бөлек
  • «Нұр атаның» суы шипа