«Балдәурен» - бақытты балалық мекені

image.png

Төлеби ауданында ересектерге арналған туристік нысандармен қатар балалардың уаықтын тиімді пайдаланып, демалысын қызықты өткізуге ат салысатын орындар жеткілікті.  Айталық Алатау ауылдық округінде орналасқан  «Балдәурен» – республикалық ғылыми-әдістемелік, сауығу және оқу-педагогикалық ұйымдастыру орталығы.  Орталықта балалар білім алып қана қоймай, денсаулықтарын шынықтырып, тынығып, мәдени, ғылыми – практикалық іс-шараларға қатыса алады. Мекеме жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның ұзақтығы жаз мезгілдерінде – 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды. Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптар, гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер бар. Балалар 5 рет тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа. Өмірдің мәні болған балалардың бос уақытын тиімді өткізудің әрі денсаулығын нығайтатын орталық өз демалушыларын күтеді!

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді
  • «Қасқасу-Таусамалы» демалыс аймағына барар жол жөнделуде
  • У-шудан ада мекен
  • «COMFORT»- та бәрі жайлы