«Нұр атаның» суы шипа

image.png

Төле би ауданында туристер жиі аяқ басатын киелі орынның бірі – "Нұрата әулие" мазары. "Нұрата әулиенің"  мазары  Майбұлақ ауылы Майбұлақ өзені бойындағы Нұрата есімімен аталатын бұлақтың жағасында жатыр. Жылдың қай мезгілінде болсын, жер-жерден адамдар осында келіп зиярат етеді.  Әулие баба мазарының астыңғы жағындағы бұлақ қысы-жазы қатпайды. Қақаған аяздарда буы бұрқырап жатады. Ал, бұлақ жеті тараптан ағып шығып, бір арнаға тоғысады. Судың асқазанға, көзге, бүйрекке, бауырға, қуыққа, жараға, жүйкеге, буын ауруларына емдік қасиеті мол.  Әулиеге зиярат етушілер қатары көбейе түскендіктен нысанның жанынан мешіт, мейманхана, асхана салынған. Зиярат етушілерге ыңғайлы болу үшін айналасына жол, баспалдақ салып, орындықтар жасалған. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Нұр атаның» суы шипа
  • «Балдәурен» - бақытты балалық мекені
  • Тасын түртсең тарихы сөйлейді
  • «Қасқасу-Таусамалы» демалыс аймағына барар жол жөнделуде
  • У-шудан ада мекен