Қайтарымсыз грант арқасында кәсібінің нәсібін көруде

Халыққа арналған былтырғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек» - деп атап өткен болатын.

image.png

Соның негізінде, Шымкенттік ерлі-зайыпты Әкімбеков Абылқайыр мен Беркінбаева Әсел мемлекеттік қатарымсыз грантты алып, қаражаттарына шағын наубайхана ашып отыр.

Кәсібінің нәсібін көріп отырған отбасы мемлекеттің қолдауына алғыстарын білдіруде. 

image.png

Аталмыш жанұя, былтырғы жылы 21 күндік «Бизнес бастау» кәсіптік оқытуға жолдама алып, сертификаттарын алысымен тиісімен мемлекеттік грантқа қатысу үшін наубайхана ісі бойынша бизнес жоспарын әзірлеп, онысын комиссияда сәтті қорғап шыққан. Нәтижесінде 555 650 теңгелік Сертификатты қолдарына алып, шағын наубайханаға қажетті құрал-жабдықтарын алады. Қазіргі таңда, ас атасы саналатын нанға тапсырыс қабылдап, күнделікті 100-130 нан пісіріп, кәсіптерін дөңгелетуде. 

image.png

Отбасылық жұп кәсіп бастар алдында Шымкент қаласы әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген.

Атап өткен жөн. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екі бағыты аясында 2020 жылы 4828 адам грантқа қол жеткізсе, биылғы жылы 600 адамға грант берілді. Ал, «Бизнес бастау» курсына биылдың өзінде 1900 адам жолданған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гостей Шымкента обслуживают семь туристских киосков
  • В Шымкенте развивают кемпинг-туризм
  • У туристов Шымкента появится свой Тоlem
  • Мировая пандемия дала шанс развитию внутреннего туризма
  • Шымкент может стать центром медицинского туризма