Инновациялық жобаларға гранттар беру бойынша байқау өтті

Халыққа арналған былтырғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек» - деп атап, кәсіпкерлікті қолдау басты міндет екенін ескерткен болатын.

image.png

Үшінші Мегаполисте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларға гранттар беру бойынша байқау өтті. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 150 млн. тг қарастырылған. Жобаға жалпы саны 212 азамат өтінім берсе, 179 тұрғынның жобасы қабылданды. 

Үздік деп танылған кәсіпкерлердің бизнес жобаларын іске асыруға 2 млн.- нан 5 млн.-ға дейін қаражат берілмек.

Жобаға өтінім білдірген үміткерлер: жеміс-жидектер өндірісі, кондитерлік өнімдер цехы, балалар ойын бөлмесі, ағаштан ойыншықтар шығару және автомектеп ашу сынды бірқатар бизнес жоспарларын ұсынған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гостей Шымкента обслуживают семь туристских киосков
  • В Шымкенте развивают кемпинг-туризм
  • У туристов Шымкента появится свой Тоlem
  • Мировая пандемия дала шанс развитию внутреннего туризма
  • Шымкент может стать центром медицинского туризма