Қаланы көркейтуге тұрғындар да кірісті

Screenshot_3.jpg

Қаланы жасыл-желекке айналдыру, саябақтарды көптеп салу - әлемдік практика. Нью-Йорк десе көз алдымызға қаланың қақ ортасындағы алып саябақ келеді. Сол секілді Шымкентті де жасыл қалаға айналдырып, тұрғындарға, туристерге жайлы жағдай жасау үшін нақты жобаларды жүзеге асырған абзал. Бүгінде Шымкентте қаланы көріктендіру мақсатында тұрғындар да белсене ат салысуда. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, қаладағы аулаларды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Қаратау аудан әкімдігі тарапынан  түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде Нұрсәт тұрғын алабының тұрғындары өз аулаларына суару жүйесін орнатып, көп жылдық ағаш көшеттерін, гүлдер мен газон егіп абаттандырған. 

Қаратау ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Бауыржан Қалдыбаев тұрғындарды ортақ аулаларды осы секілді суарып, көгалдандыру жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырды.

Осылайша Нұрсәт тұрғын алабының тұрғындары өз істерімен өзгелерге үлгі болуда. Өз ауласын өздері көріктендірген тұрғындар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтынын анық. Оларда тазалыққа деген ынта пайда болып, бойларында мәдениет қалыптасары сөзсіз. Әрбір тұрғын үй алабының тұрғындары өз аулаларын абаттандырса, бүкіл қала аумағы жасыл-желекке бөленіп, қала көркі көркейе түсері анық. Бұл өз кезегінде қала имджінің артуына зор септігін тигізеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гостей Шымкента обслуживают семь туристских киосков
  • В Шымкенте развивают кемпинг-туризм
  • У туристов Шымкента появится свой Тоlem
  • Мировая пандемия дала шанс развитию внутреннего туризма
  • Шымкент может стать центром медицинского туризма