«Тассай құс» жылына 35 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарған

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласында ауылшаруашылығы саласының болашағы өте зор. Қала аумағында бос жатқан жерлер көп. Бұл жерлерде көкөніс егіп, мал асырауға болады. Шөбі шүйгін қала аумағы шаруаны тез табысқа шығарады. Сондықтан да бос жатқан жерлерді дер кезінде заң шеңберінде игерген абзал. 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауылшаруашылығы бағытында жұмысы қарқын алған кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. 

Шаһар басшысы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Тассай құс» ЖШС-не барды. Биыл шаруашылықты кеңейтіп, өнімділікті арттырған өндіріс орны 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Жоба құны – 250 млн теңге. Кәсіпкерлер жылына 35 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып келген. Келесі жылдың қаңтарынан бастап өнімділікті 50 млнға жеткізуді жоспарлауда. 

Аталған өндіріс германиялық Helmann Poultry GMBH CO.KG технологиясы бойынша жұмыс істейді. Құс шаруашылығына маманданған кәсіпорынға 2020 жылы 29,7 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген. 2021 жылы 37,7 млн теңге қолдау көрсету жоспарлануда. Мұндай өндіріс орындарын қолдау, нарықтық бағаны тұрақтандыруда маңызды қадам болып табылады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған
  • 2155 адам «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік курсына оқытуға жолданды
  • Алюминий банкаларын шығаратын кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылады