Туристерге ең қажетті Wi-Fi қондырғылары орнатылды

Screenshot_13.jpg

Өзге қалаға саяхаттап баратын туристерге ең бірінші керегі - интернет. Интернет арқылы олар тиісті жерлермен байланысып, қала туралы, ондағы қажетті туристік нысандарды көре алады. 

Осы орайда Шымкентте «Ақылды қала» эталондық стандарты негізінде қоғамдық орындарға орнатылған «Ақылды күнбағыс» ақпараттық кешенінің саны артты. Өткен жылы жүзеге асқан жоба биыл да жалғасын тауып «күнбағыс» саны артты. 

2020 жылы 20 ақпараттық кешен болса, биыл 30-ға жетті. Олар – Орталық саябағы – 3, Тәуелсіздік саябағы – 6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» Цитадель аумағында – 4. 

Бұл жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды. Цифрландыру басқармасының мәліметінше, осы жылдың 9 айында «Ақылды күнбағыс» кешенінің қызметін 190 мың адам қолданған. Одан бөлек, биыл қоғамдық орындарда ақпарат алмасуды ілгерілету мақсатында қалада 10 орынға 30 тегін Wi-Fi нүктелері орнатылды.

Атап айтқанда, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Нұрсат аллеясында (Назарбекова-Бәйдібек би көшелер қиылысы) – 2, Фонтан «Тюльпан» - 2, Арбатта – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллеяда – 2, Наурыз алаңында – 4, Шәмші аллеясында – 2, Дендросаябақта – 6, Қазына саябағында – 2.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Инвестициялық штаб отырысында 10-нан астам жаңа жобалар ұсынылды
  • Мұрат Әйтенов: Қаланың дамуында басымдық креативті индустрияға беріледі
  • 8 айда 282 млн АҚШ долларына дайын бұйымдар экспорттаған
  • Туристерге ең қажетті Wi-Fi қондырғылары орнатылды
  • 2155 адам «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік курсына оқытуға жолданды