Екі қолға бір күрек тапқандар көп

Screenshot_24.jpg 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы» мен мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде құрылып отырған жаңа жұмыс орындары жұмыссыздықты азайтудың басты құралдарының бірі болып отыр. Мысалы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласында 2020 жылы 25 390 адамды жұмыспен қамту шаралары жоспарланса, нақты 34 847 адам қамтылып, көрсеткіш 137 пайызға, яғни, асыра орындалған. Ал

«Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 239 жоба жүзеге асқан. Жоспар бойынша 4371 азаматты жұмыспен қамту көзделсе, 8753 жұмыс орны құрылып, 4491 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы «екі қолға бір күрек» тапқан. 

«Кез келген жұмыссыз қалған азаматқа жұмыс тапқанға дейін «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң бойынша композиттік қызмет көрсетіледі. Ол бойынша азамат жұмыспен қамту орталығына келіп, өтініш білдіреді, жұмыссыз ретінде тіркеледі. Оған жұмысындағы 2,5 жыл бойы алған жалақысының 40 пайызы көлемінде жәрдемақы төленеді. Дегенмен, жәрдемақыны алып отыра бермей, композиттік қызметке орай ол азаматтың кәсібіне, мамандығына сәйкес жұмыс ұсынып отырамыз. Ол бос орындар «Еңбек нарығы» деп аталатын порталда жарияланады. Осылайша жерлестеріміз ары қарай тұрақты жұмыспен айналысып кетуі керек. Мамандығы жоқ азаматтарға да  арналған жұмыстар табылады. Мысалы, құрылыс саласы. Немесе, мамандығы жоқ азаматты, қалауы бойынша, қысқа мерзімді, кәсіптік оқуға жібереміз. Сонымен қоса кәсіпкерлікке баулу шараларына қатыстыра аламыз. Мысалы, «Бастау бизнес» деген бағдарлама бар екені көпшілікке белгілі. Сол бағдарламаның оқу курсын бітіргендер ары қарай сертификаты арқылы 555 мың теңге көлемінде грант алуына мүмкіндігі бар. Осылайша жан-жақты, кешенді іс-шаралар арқылы еңбекке жұмылдыра аламыз»,-  Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов. 

Жоғарыда аталған жұмыстар 2021 жылы да жалғасын тауып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 22 075 адамды, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша – 392 адамды және мемлекеттік салалық бағдарламалар негізінде 11 151 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда дейді басқарма басшысы. Бұған қоса қаламызда тың жоба қолға алынбақ. Ол – «Тең қоғам» орталығы. Орталық  наурыз айында ашылмақ. Мекеменің  негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсартуда мемлекет және үкіметтік емес ұйымдардың арасында негізгі бағыттаушы, сабақтастырушы қызметін атқару.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады