Маманға алғыс білдірді

Screenshot_12.png

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Қуантатыны сол ай­тыл­­ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Айталық Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданының Полиция басқармасы Көші-қон қызметі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейді. Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға жеке құжаттарын рәсімдеу бойынша қызмет көрсетеді. Олар тұрғындардың барлық сауалдарына уақытылы жауап беріп, сапалы жұмыс атқаруда. Осы орайда, жергілікті тұрғын Еңбекші ауданы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің маманы Айсұлу Турмановаға сапалы және тез арада атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, еңбегіне табыс тіледі. 

 «Жеке куәлік мәселесін шешу үшін арнайы мекеменің мамандарына жүгінген болатынмын. Осы ретте мәселемді дер кезінде оңтайлы шешіп бергені үшін қызметкер Айсұлу Тұрмановаға алғыс айтқым келеді. Барлығын қарапайым тілмен түсіндіріп берді»,- дейді Шымкент қаласының тұрғыны Наталья Рогаева. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады