Жаңа реформаны түсіндірді

Screenshot_8.png

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық дамыту саласына енген жаңа реформалары бойынша  бейне-конфернц байланыс тәсілімен семинар–кеңес өткізілді.  Іс шараға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев,  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның төрағасы Нұрбек  Серіков,  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның департаментінің басшысы Марғұлан Жеңісұлы  қатысты. Спикерлер үшінші мегаполистің тұрғындарына  жаңадан енген келесі реформалар бойынша және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Атап айтқанда мамандар "Бір үй - бір бірлестік-бір шот" қағидаты бойынша "мүлік иелерінің бірлестігі" коммерциялық емес ұйымның жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу бойынша; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу;  басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және үй-жайлардың меншік иелері тарапынан кондоминиум объектілерін басқару органына бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілерінің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту туралы презентация жасады. 

Жиын соңында басшылар онлайн қатысушылар тарапынан жолданған сауалдарға тұщымды жауап берді.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады