6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған

Screenshot_9.png

Азаматтардың нарықтық заманда мамандығы бойынша немесе мамандық алып жұмысқа орналасуға "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қосып отырған үлесі зор. Аталмыш бағдарламаның көмегіне жүгінген шымкенттіктер де көп. 

Үшінші мегаполисте  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 21 842 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 5 885 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратов I тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы баяндаған жиында мәлім етті.

Басқарма басшысының айтуынша бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 адамды жолдау жоспарлануда. Екінші бағыт (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша 600 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланған. Биыл сәуір айында 600 адамға мемлекеттік грант берілмек.

Үшінші бағыт (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) бойынша  нақты 5885 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарына 2430 адам (34,6%) орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 109 (54,5%), жастар практикасына 568 (22,7%), ақылы қоғамдық жұмыстарға 2778 адам (90,8%) жолданған.

Сонымен қатар, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың бірінші тоқсандағы жағдай бойынша 229 мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 62 азамат тұрақты жұмысқа, ал 167 азамат уақытша жұмысқа тартылған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады