«Ел болам десең – бесігіңді түзе»

  Screenshot_10.png

Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. 

Осы ретте Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция инспекторлары қаладағы №39 М.Жұмабаев атындағы білім беретін мектебінің 8 және 9 сынып оқушыларымен кезекті рет кездесті.

Бұл кездесуде кәмелет жасқа толмағандардың арасында қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылықтың, нашақорлыққа, әлімжеттікке, суицидке жол бермеу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша әңгіме жүргізіліп, лекция оқылды.

«Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін қарастырар болсақ, ол кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүрген­дерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді»,- дейді инспекторлар.

Ювеналдық полиция инспекторлары оқушылармен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат кәмелет жасқа толмағандардын арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау болып табылады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады