«Бадам аллеясының» құрылысы басталды

Screenshot_21.png

Қазіргі таңда өңірлердің инвестициялық әлеуетін көтеру мәселесі өзекті болып тұр. Әсіресе, бұл мегаполистерге қатысты жиі айтылады. Еліміздің үшінші қаласы – Шымкент екені айдан анық. Бұл бағыттағы мемлекеттік тапсырманың маңыздылығы күн санап артып отыр. Елге инвестиция тарту ісінің отандық өндірісті, ішкі туризмді, әлеуметтік салаларды дамытудағы ролі зор. Осы ретте Шымкент қаласы инвесторларды тарту жағынан республкада алдыңғы қатардан көрінуде. Қаламыздың дамуына шетелдіктер ғана емес патриот тұрғындар да ат салысуда. Айталық Абай ауданындағы "Бадам аллеясының" құрылысына жеке инвесторлар кірңспек. Жақында нысанның жобасы көпшілікке таныстырылған болатын.

Бадам өзені жағалауының аллеясына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, құрылыс барысының аумағымен танысты.

Жалпы аллея "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" тарту ретінде жеке инвестордың есебінен салынуда және 4 негіз бойынша бой көтермек.

Олар: Спорт алаңшасының жалпы аумағы - 20х24, спорт алаңшасы - 12х24. Спорттық элементтер: варкаут және тренажер. Екіншісі "Ғашықтар" аллеясы. Оның жалпы аумағы - 2 гектарды құрайды. Үшінші жоба Бадам өзенінің жағалауын абаттандыру және демалыс аумағына айналдыру. Жалпы ұзындығы 4 шақырымды қамтиды және "Балалар" алаңшасы.

Шілде айынан бастап "Қазығұрт" елді мекенінің (бұрынғы Карл Маркс бөлігі) тұрғындарына аллеяның алғашқы нысандары қызмет көрсете бастайды дейді мамандар. Ал, алдағы екі жыл уақыт шамасында толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.


 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады