«Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Screenshot_23.png

Қала - тұрғындар және оның қонақтары үшін қауіпсіз болуы тиіс. Қаладағы құқық бұзу әрекеттерінің сал­дарын тәрбие, мәдениет әрі жұмыс­сыз­дық мәселесіне ұласады. Сондықтан қоғамдық тәртіпке аса мән берген жөн. Шаһардағы тәртіп пен тыныштықтықты қамтамасыз етуде әрине тәртіп сақшыларының еңбегі зор. Қоғамдағы тәртіпті қадағалайтын полицейлердің қызметі қашан да қарбаласқа толы. Жоғалғанды іздеу, табу, бұзақылыққа жол бермеу қылмыстың бетін ашу бір сөзбен айтқанда – ішкі тәртіпті сақтау полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Осы ретте  қалада қазіргі таңда  Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтуде. 

Аталған іс-шараның мақсаты - қала аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу. Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жаяу патрульдің маршруттары жасақталды. Оған ішкі әскерлердің, патрульдік полицияның қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері, кәмелетке толмағандар қызметінің инспекторлары қатысады. Олар күн сайын қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға араласады.  «Тәртіп аясында қызмет ету біздің жұмысымыз екендігі ақиқат. Оны абыроймен атқаруға тырысамыз. Бірақ азаматтарды құқық бұзушылыққа бармай, игі іске жұмылуда бірлесе қызмет етуге шақырамыз» дейді тәртіп сақшылары.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады