Тәуелсіздіктің 30 жылдығына- 30 кітап!

Screenshot_15.png

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында оқырмандық сауаттылық деңгейін арттыруға баса назар аударған еді.  Осы орайда, 2021 жылды министрлік ресми түрде «Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау мақсатында «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021», жалпыұлттық акциясын бастап,  «Бір ел-бір кітап»  акциясын жалғастыру қажеттігін тапсырған болатын. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Шымкентте «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына -30 кітап»  атты әдеби сағат өтті.

Іс- шараның мақсаты Президент ұсынған -30 әлем және қазақстандық авторлардың   кітаптарын оқуға шақыру, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу. Шараға қатысушылар үздік шығармаларға талдау жасап, оның жас ұрпаққа берер өнеге, тәрбиесін сөз етті. 

Айта кету керек, елімізде республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.  Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.  Ол жерде танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы таңдалды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады