Нашақорлық - қауіпті індет

16.jpg

 26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа және есіркілердің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. Осыған орай Түлкібас ауданы тұрғындарына есірткінің зияны туралы үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түлкібас аудандық Жастар ресурстық орталығы хабарлады. 

 Аталған күнді өткізудің мақсаты – әртүрлі жас санатындағы тұрғындардың психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу туралы, аталған заттарды қолданудың салдары туралы ақпараттандырылуын арттыру және денсаулық сақтау және ПБЗ қолданудан саналы түрде бас тартуы бойынша жауапты мінез-құлқын қалыптастыру, сондай-ақ, жағымсыз көзқарасты және қазақстан қоғамында есірткі қолдануды әлеуметтік қолдамайтын қалыптастыру.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамының мәліметтеріне сүйенсек, есірткі заттарын қолданатын адамдардың ұлғаю үрдісі белгіленуде, дәстүрлі емес есірткілерді қолдану жандануда, барлық әлеуметтік және экономикалық топтардың өкілдері есірткі қолдануға тартылуда. Өскелең ұрпақ арасында психобелсенді заттарды қолданушылар санының үдеюі аса алаңдатушылық туғызады.

Есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп, өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады