Топырақ жолдарға тас төселіп жатыр

Screenshot_14.png

Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламада 2025 жылға дейін жалпы сомасы 5,5 триллион теңгені құрайтын 112 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қарастырылған. Бағдарлама шеңберінде еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында бірқатар шаруалар тынуда. Айталық қалада инфрақұрылым мәселелері оң шешімін табуда. Әсіресе жолдар жөнделіп, көшелерге асфальт төселуде.

Осы ретте Қаратау ауданында топырақ жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамандардың дерегінше Қаратау ауданы аумағында жалпы 1272 көше бар, ол 1110 шақырымды құрайды. Оның ішінде 483 көше асфальт жол болса, 735 көшеге шағал тас төселген. Қалған 45,7 шақырым болатын жол топырақ көшелер, бұл 54 көше. Осы жылы аталған топырақ көшелердің барлығына шағал тас төселетін болады. Бұл жұмыстарды «Атырау Group» ЖШС-гі атқаруда. Енді жаздыгүні шаңға тұншығып, жаңбылы күні батпаққа батқан тұрғындар мұндай азаптан құтыламыз деп қуануда. 

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Парманов шағал тас төсеу жұмыстарының сапалы орындалуын бақылау мақсатында жұмыс барысын қадағалады.

Аудан әкімінің орынбасары мердігер мекемемен бірлесе шағал тас төсеу жұмыстарын уақытында аяқтау қажеттігін және жұмыстың сапалы болукеректігін, бастысы барлық жұмыстар аудан әкімінің жеке бақылауында екенін назарға алды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады