Бірлік пен татулық - даму кепілі

Screenshot_16.png

Әлемдік беделді сарапшылар заман ағысы, өзгерістер процесі, ғылым мен білім, коммуникация саласының дамуы қарқын алған сайын ұлттық, этникалық, өңірлік ерекшеліктердің азайып немесе жойылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың алға шығатынын болжауда. Бұл өз кезегінде мемлекеттер, ұлттар ғана емес өркениеттер арасында мүдделер, құндылықтар тайталасының орын алу ықтималдығын жақындата түседі.Бұған қарамастан мемлекеттің ішіндегі татулықты сақтау және түрлі сипаттағы дүрдараздықтардың алдын алу кез келген мемлекеттің басты саясаты саналады. Осы ретте, Қазақстан да елдің ішкі тұтастығына, этносаралық жылы қарым-қатынасты қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөліп келеді. Этносаралық татулық, оның «қазақстандық үлгісі» жайлы пікірлер тәуелсіздік жылдары ең жиі айтылған мемлекеттік саясаттың бағытымен астасып жатыр.

 Үшінші мегаполисті қоныстанған өзге этнос өкілдері де бүгінге дейін татулықты ту етіп келеді. Түрлі этнос өкілдері арасындағы бірлікті нығайту, қақтығыстарды болдырмау мақсатында қалада көптеген іс-шаралар атқарылуда. Мәселен жақында Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің отырысы өтті.  Алқалы жиынға кеңес мүшелері қатысып, күн тәртібінде Медиация кеңесінің құрамын бекіту, 2-ші жартыжылдық жұмыс жоспарын талқылау және ағымдағы мәселелер қаралды. 

Жиынды Медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегірова жүргізді. Кездесу қорытындысында Медиация кеңесінің құрамы бекітілді, сондай-ақ, алдағы уақытта қала аумағында тұратын түрлі этностар мен тұрғындар арасындағы татулық пен тұрақтылықты, достық пен бірлікті сақтау, қақтығысты болдырмау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады