Тазалық басты - байлық!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында: "Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды" деп айта келіп, туған жерді аялап ұстау керектігін ескертті. 

image.png

Тазалық басты - байлық! Қоршаған ортаны таза ұстау таза табиғаттың кепілі болары сөзсіз. Осы орайда, ауданда тұрғындардың үйлерінен шыққан қоқыстарды алып кетумен 6 мекеме айналысады. Мекемелер мен ауылдық округ әкімдіктері арасында жұмыс кестесі бекітілген.

Алайда қоқыстарды тасымалдау кестесі жиі бұзылады. Оның бірден бір себебі жергілікті тұрғындардан қаражат жүйелі жиналмайды, және полигонның қоқыс қабылдау қызметі төмен.

Бүгін Қарабұлақ ауылында қоқыс жинақталатын полигонында «Бір күндік тазалық акциясы» өтті, қоқыс тасымалдаушы мекемелердің техникалары полигон аумағына тегін кіргізілді.

Аталған акция барысында елді мекендер аумағы біршама тазартылды және ҚТҚ жинақтаушы полигонына 120 тонна қоқыс тегін жеткізілген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады