Вакцина өміріңізді сақтап қалады

14.jpg

Түлкібас ауданына қарасты Састөбе ауылдық округі аудандық ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен, және ерікті жастары округте орналасқан және халық көп шоғырланған орындарда «COVID-19» коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізді.

Осындай шараларды сондай-ақ, Балықты ауылдық округі қызметкерлерінің қатысуымен де жүргізілді. 

Айта кетері, соңғы апталарда ковид ауруына қатысты эпидемиологиядық ахуал күрделенді. Бүгінде вакцина салдыру коронавирус індетінен құтылып, қалыпты өмірге оралудың бірден-бір жолы болып отыр.  

Түлкібас ауданында Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен санатындағы 48132 азамат ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында екпе алу қажет. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш екпенің І-ші компоненті бойынша 65,1 пайызды құрап отыр. Яғни, 31 365 аудан тұрғыны екпенің бірінші дозасын салдырған. Ал, 2-ші компонент 21 665 азаматқа егілген. Бұл көрсеткіш инфекцияның алдын алуға қажетті ұжымдық иммунитет қалыптастыруға жеткіліксіз. Кем дегенде белгіленген санаттағы тұрғындардың 70 пайызы екпені салдыру қажет. Осыған байланысты екпенің маңыздылығы туралы үгіт-насихат жұмыстары ауданның барлық ауылдық округтерінде белсенді түрде жүргізіліп жатыр.   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады