Өз денсаулығың өз қолыңда

15.jpg

 Ел аумағында эпидемиологиялық ахуал күннен күнге нашарлауда.  Шымкент қаласы "қызыл аймаққа" кірді. Ал, Түркістан облысы соңғы тәуліктерде «сарыдан» «қызылға» енді

Осыған байланысты Түлкібас ауданында тиісті сақтық шаралары қолға алынды. Қоғамдық орындарда залалсыздандыру, вакцинаның маңыздылығы туралы үгіт-насихат шаралары жүргізілуде.  

Мамандар тұрғындарға карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықтық сақтап жүру қажеттігін ескертуде. Онан да маңыздысы коронавирус індетінен қорғанудың бірден-бір жолы - жаппай вакцина салдыру екендігін есте сақтаған жөн. Ел азаматтарының басым көпшілігі екпе алған жағдайда ғана қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптасады. 

-Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау мақсатында вакцина салдырыңыз! Бүгінде ауданымызда вакцина салдыру үшін арнайы егу орындары жұмыс істеуде. Ел арасындағы түрлі алып-қашпа әңгімелерге еріп кетпей, медицина қызметкерлерінің кеңесіне құлақ асуға, екпені екі кезеңінен уақытылы өтуге шақырамыз.  Қазіргі таңда ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде арнайы вакцина егуге арналған пункттер жұмыс істеп тұр. 

Құрметті түлкібастықтар!

Жаппай екпе салдырып, індетті іргемізден бірлікте қуып шығуға күш біріктірейік!-делінген Түлкібас ауданы әкімдігінің таратқан мәліметінде. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады