Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы жүргізілуде

Биыл Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп салынып жатыр. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынуда. Бүгінгі таңда, облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Қалғанының мәселесі 2021-2023 жылдар аралығында толығымен шешімін табатын болады.

image.png

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай өңірде 130 мектеп салу жоспарланған (2021 жылы – 47, 2022 жылы – 26, 2023 жылы – 21, 2024 жылы – 24, 2025 жылы – 12). Ағымдағы жылы бағдарлама аясында жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 44 мектеп бюджет, 3-уі – жеке инвестиция есебінен. 1 қыркүйекке 44 мектептен 17-сі пайдалануға беріліп, қалғаны жыл соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Түркістан облысы бойынша 108 мектепті жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде 12 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, 18-нде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 100-ге жуық мектептің асханалары жөндеуден өтеді. 108 мектептің кітапханаларын жаңғырту жұмыстары қолға алынды.

Бұған қоса, облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 2,8 млрд. теңге қаржы қарастырылып, оның 5 мектебі тамыз айының соңында аяқталса, қалған 6 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 1 мектеп 2022 жылға өтпелі. Аталған нысандағы күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына өз кедергісін тигізбейді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 18 мектепке 86 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады