551 азаматтан өтінім қабылданды

Screenshot_5.png

Шымкент қаласында бастапқы жарнаға көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын беру ағымдағы жылдың 26 шілдесінен басталып бүгінгі күнге дейін 551 азаматтан өтінім қабылданды. Оның ішінде  105 азамат тұрғын үй сертификатының иегері атанып, мемлекеттік көмекке ие болды. Ал 340  өтінім тұрғын үй сертификатын берудің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылған. Қалған 30 шақты өтінім иелерінің өтініші басқарма қызметкерімен қаралымда. 

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25»  бағыттары бойынша  тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай  келетін әрбір  азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылып, әлеуметтік көмек ретінде берілген болатын. Қатысуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106336,2 теңгеден аспаған жағдайда және тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хатын қоса  өтінім қабылдайтын интернет портал қайта іске қосылғанда жолдай алады.

Осы ретте мамандар,  тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың   11 қыркүйегінен бастап  уақытша тоқтатылатынын айтуда.

Айта кету керек, тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың қазан айында жалғасын таппақ. Тұрғын үй сертификатына өтінімдер 500 азаматқа қарастырылған қаржы толығымен игерілгенге дейін жұмыс жүргізілетін болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады