Сарыағашта бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

5.jpg

      Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары тарапынан "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыссыз азаматтарға, алимент төлеуші борышкерлерге арналған білім саласында және оқу орындарында өткізілетін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Бұл туралы  Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жәрмеңкеге 40-тан астам ауданның жұмыссыз жүрген тұрғындары және алимент төлеуші борышкер азаматтар қатысты. Жәрмеңке барысында аудан тұрғындарына 49 жұмыс берушілер тарапынан 57-тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде алимент төлеуші 1-азамат халық санағына бақылаушы бос жұмыс орнына ниет білдірсе, ал 20 жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты- халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс деп атап өтілді. Жолдауда жастардың барлық санатын қолдаудың толық кешенді шараларын қамтитын әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру тапсырылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады