Бірлікте жаңа спорт алаңшасы ашылады

Келес ауданының Бірлік ауылдық округі өңірдегі ірі ауылдық округтерінің бірі. Жалпы 7 елді мекеннен құралған ауылдық округінде 6 мыңға жуық халық тұрады.

image.png

Өткен жылы Бірлік ауылдық округіндегі мектеп түлектері мен ауыл кәсіпкерлері жастарды спортқа баулу мақсатында ашық және жабық спорт алаңшаларын, онымен қоса жаттығу залын ауылға тарту етті. Сондай-ақ ағымдағы жылы тұрғындарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңатіршілік елді мекенінде жаңа спорт алаңшасының құрылысы жүруде.

Ауылдық округінде инфрақұрылым жұмыстары да қарқынды іске асырылуда. Атап айтқанда, бүгінде ауылдық округінің орталығы Бірлік елді мекенін таза ауыз сумен қамту жұмыстары қарқын алып, жыл соңына дейін елді мекен тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізбек. Өткен жылы бастау алған құрылыс жұмыстарын «Мелиоратор» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі мекемесі жүргізуде. Ауыл әкімі Әбдіжаміл Серікбаев кезектегі азаматтарға учаскелік жер телімін беру үшін арнайы жер қаралғанын, бүгінде ол аумаққа да ауыз су құбырлары жүргізілуде екенін айтады.

Алдағы уақытта халықтың иігілігіне бағытталған жұмыстар өз эжалғасын табатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ресейлік ғалым «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне viii ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады
  • Бірлікте жаңа спорт алаңшасы ашылады
  • Италиялық режиссерлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді
  • Шымкентте мал азығын дайындауда гидропоника әдісі қолданылады
  • 2025 жылы қала тұрғындары 100 пайыз электр қуатымен қамтылады