Абай ауданы келер жылы толық сапалы электр жарығына қосылады

Screenshot_32.png

Қала тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, Абай ауданы келер жылы сапалы электр энергиясымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.

Жалпы Абай ауданында 34 елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде 8 елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді.  Аталған елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы бюджет есебінен 3,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Атап айтқанда, Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Батыс,  Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар елді мекендерінде электр желілері мен бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2021 жылдың соңына дейін және 2022 жылға өтпелі. 

Ал Ақтас-2 шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы мердігер мекеме «Алтын констракшн» тарапынан құрылыс жұмысы басталған болатын.  Бүгінде ұзындығы 50,9 шақырымды құрайтын ауыз су құбырынң 87 пайызы орнатылды. Құрылыс жұмысы толығымен қараша айында аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде жыл соңына дейін Ақтас-2 шағын ауданындағы 1222 тұрғын  сапалы ауыз сумен қамтылады.

Айта өтсек, қала тұрғындарының 95,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында бұл жылы 14 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін ауыз суы тасымалды 7 елді мекен (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас) және кестемен берілетін 2 елдімекенде  (Жаңаталап, Сауле) ауыз су мәселесі шешілетін болады. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін ауыз суы тасымалды болып келген елдімекендердің мәселесі толығымен шешіліп, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші  98 пайызға өседі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Абай ауданы келер жылы толық сапалы электр жарығына қосылады
  • Инсульт орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді
  • Қаратау ауданындаа коммуналдық мәселелер толығымен шешіліп келеді
  • Ескірген тұрғын үйлер жаңартылуда
  • Көшелер жарықтандырылып, аулалар абаттандырылуда