Полицейлер «түнгі балаларды» тексерді

Screenshot_8.png

Шымкент қаласы Қаратау АПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін рейдтік жұмыстар жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.

Нәтижесінде, заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмаған  жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2-тармағымен (сағат 23:00 ден 06:00 ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз) әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шара қолданылды. Сондай-ақ, Қаратау ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз және тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін ата аналарына ескерту жасалды. Іс-шара барысында мектеп инспекторы оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналарға жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Полицейлер «түнгі балаларды» тексерді
  • Аудандарға ажар кіруде
  • Әкім тұрғындар сауалын жауап берді
  • Табиғи газбен қамту ісі қарқынды жүруде
  • Сарыағашта 1325 көше жарықтандырылды, АЛ Созақта спорттық нысандар пайдалануға берілді