Студенттер парасыз білім алуы керек!

Screenshot_9.png

Жас буынның бойында парасаттылық құндылықтарын кеңінен дәріптеу және адал еңбекке баулу мақсатында қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, Штаб мүшесі, «Parasat» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Г.Дулатова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 1-курс студенттерімен кездесулер өткізді. 

Іс-шаралар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі, білімді, бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығы, «Sanaly urpaq» студенттік клубының жұмысы таныстырылды. 

Спикерлер «Sanaly urpaq» жобасының мақсаты -  студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және оқу орынында академиялық адалдық қағидатын енгізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу екенін жеткізді.

Сонымен қатар, ақпараттық-ағартушылық штабы тарапынан атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, кез-келген жағдайда адамгершілік, әділдік құндылықтарынан бас тартпауға, жемқорлықпен күресті әр азамат өзінен, отбасынан бастау қажеттігіне тоқталды. 

Шара соңында сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Университеттің сенім телефонына немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттгінің 1424 Call-орталығына хабарласу қажеттігі түсінідірілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Студенттер парасыз білім алуы керек!
  • Полицейлер «түнгі балаларды» тексерді
  • Аудандарға ажар кіруде
  • Әкім тұрғындар сауалын жауап берді
  • Табиғи газбен қамту ісі қарқынды жүруде