Автобустар кондукторсыз қызмет көрсетуде

Screenshot_5.png

Елімізде қолға алныған "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы көптеген салаларға елеулі, инновациялық өзгерістер алып келуде. Цифрлндыру үшінші мегаполистің өміріне де айтарлықтай жаңашылдық енгізіп жатыр. Соның бір дәлелі  Шымкенттегі «Т-Бас» тасымалдаушы компаниясына тиесілі №18 автобус пилоттық жоба ретінде кондукторсыз қызмет көрсете бастауы. Яғни автобусқа мінген әрбір азамат өзі электронды түрде жолақысын төлейді. Оның бірнеше жолы бар: «Төлем» картасы, sms код және qr код арқылы жолақысын төлей алады.

Жоба бойынша маршрут схемасында 7 аялдама бойында 10 ревизорлы бақылаушы мамандар автобустағы жолаушылардың жол ақысын төлеген немесе төлемегенін, егер қолма-қол төлем жасаған жағдайда билет алғандығын тексеріп отырады. 

Пилоттық жобаның мақсаты - ашықтықты қамтамасыз ету,  жүргізушінің жалақысын көтеру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, жолақы төлемін автоматтандыру, жалпы алғанда қоғамдық көліктерде мәдениеттілікті қалыптастыру.

Бұл жүйе әлемде және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы секілді мегаполистерінде іске асқан. "Қала тұрғындарын бұл жаңа  жүйеге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл жүйе жолаушыларға да, қызмет көрсетушілерге де тиімді" дейді сала мамандары. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сапалы жол – туризмнің тірегі
  • Креативті экономика индустриясы туризмге үлес қосады
  • Автобустар кондукторсыз қызмет көрсетуде
  • Мұғалім – қасиетті ұғым!
  • Жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы