«Атамекенге» 8 жыл!

Screenshot_20.png

Шағын және орта бизнес - экономика үшін аса маңызды сала. Сондықтан елімізде кәсіпкерліктің дамуына бар жағдай жасалып келеді. Республикада азаматардың өз кәсібін дөңгелетіп алып кетуіне жәрдемші болып жүрген - «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы.  «Атамекен» қызметінің басталғанына биыл тура 8 жыл. Осы жылдар ішінде кедергілерді жою және заңнаманы жетілдіру бойынша орасан зор жұмыс жүргізілді. «Атамекен» Қазақстан бизнесінің шоғырландырылған дауысына айналды.

Кәсіпкерлер заңдарды жетілдіруге және әзірлеуге мүмкіндік алды. Мамандардың дерегінше бизнестің барлық ескертулері мен ұсыныстарының 75% – ы - заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілерге енгізілген. Осы кезеңде Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бірлестікке жүгінген әрбір екінші кәсіпкердің мәселелерін жүздеген миллиард теңгеге оң шешкен.

Өңірлік Палата заңгерлерінің арқасында осы жылдың басынан бері Шымкент кәсіпкерлерінің қорғалған құқықтарының жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгені құрады, бұл жойылған айыппұлдар, өсімақылар, қосымша есептеулер, алдын алынған мүліктік залалдар. Ал Шымкент ӨКП жұмыс істеген үш жыл ішінде бизнеске 7 млрд. теңге үнемдеген.

Бұл жетістіктер Өңірлік кеңестің, салалық қауымдастықтардың және ҰКП Төралқасының қолдауынсыз мүмкін болмас еді, соның арқасында «Атамекен» бизнес құқығын қорғайтын, еліміздің экономикалық күн тәртібі мен мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастыратын және әзірлейтін институт ретінде құрылды дейді «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының мамандары.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Атамекенге» 8 жыл!
  • Сапалы жол – туризмнің тірегі
  • Креативті экономика индустриясы туризмге үлес қосады
  • «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап»
  • Сатира саңлақтары кеш берді