«Дипломмен ауылға»: мүмкіндіктер мен жеңілдіктер түсіндірілді

10.jpg 

Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округіндегі №70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта мектебінде жастармен "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасына қатысқан Олжас Өтегеновпен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты— жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктері жайлы түсіндіру. Олжас Ергешұлы "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасының тиімді жақтарын айтып өтті. Жиында жастарға келешекте дұрыс мамандық таңдауда жаңылыспауына кеңестер берілді.

Баршамызға белгілі, қазіргі уақытта елімізде «Дипломмен – ауылға» республикалық бағдарламасы іске асырылуда. Оның мақсаты – ауылдық аймақтарда дәрігер, мұғалім, инженер, ауыл шаруашылығы мамандары және осы аумақтар үшін қажетті өзге де жоғары оқу орны түлектеріне деген қажеттілікті жою. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Дипломмен ауылға»: мүмкіндіктер мен жеңілдіктер түсіндірілді
  • Инфрақұрылым туризмді дамытуға жол ашады
  • Сакралды нысандардың жағдайымен танысты
  • Таза қала тұрғындар және туристер үшін де жайлы
  • Орталық қызметкерлері марапатталды