Жастар таңдауы-тазалық

13.jpg

Адамның өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Қоршаған ортаның тазалығыда адам өміріне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады.

Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен #Birgemiz_Taza_Saryagash  экологиялық акциясы аясында «Ана мен бала» және «Жастар» аллеясында тазалық жұмыстары жүргізілді. Түрлі қоқыс қалдықтары мен қажетсіз құтыларды жинап, аула маңын тазалады.Тазалық жұмыстарында ерікті жастар бірлескен түрде белсенділік танытты.

Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев:

- Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды. Мек¬тептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәр¬бие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құнды¬лық¬тарды орнықтыруға үндейтін «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұрған жөн. Ел ішіндегі экологиялық туризм мә¬де¬ниетін белсенді дамыту – маңызды мін¬детіміз, -деп атап өткен болатын. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жастар таңдауы-тазалық
  • Жастар саламатты өмір салтын қолдайды
  • «Дипломмен ауылға»: мүмкіндіктер мен жеңілдіктер түсіндірілді
  • Инфрақұрылым туризмді дамытуға жол ашады
  • Сакралды нысандардың жағдайымен танысты