Сыбайлас жемқорлыққа жол берме

15.jpg

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында қызметкерлерге жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауға шақырылды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту болып табылады.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс. Латын тілінен аударғанда сыбайлас жемқорлық – сындыру, бүлдіру, зақымдау, құлдырау деген мағынаны білдіреді.  Демек, «сыбайлас жемқорлық» сөзінің астарында тек лауазымды тұлғаның пара алуы немесе бюджет қаржысын қалтасына басуы емес, сонымен қатар әлеуметтік жүйе, мемлекеттік билік жүйесінің құлдырауы ұғымдары жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың да маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана- бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық әрі қауіпті әрекет деп қабылдуы, оған қарсы пайда болатын ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сыбайлас жемқорлыққа жол берме
  • Жастар таңдауы-тазалық
  • Жастар саламатты өмір салтын қолдайды
  • «Дипломмен ауылға»: мүмкіндіктер мен жеңілдіктер түсіндірілді
  • Инфрақұрылым туризмді дамытуға жол ашады