Кәсіпті қалай, неден бастауды үйретеді

Screenshot_17.png

Шағын және орта кәсіпкерлік – мемлекеттің тірегі, қозғаушы күші. Қазір өз ісін бастағысы келетін тәуекелшіл жандарға үлкен қолдау бар. Тек ізденсең, біліміңді жетілдіріп, қиындықтан қашпасаң болғаны. Ал сіз де өз бизнесіңізді  бастағыңыз келе ме? Тың идеяңызды қалай жүзеге асырудың жолын білмей жүрсіз бе? Онда Шымкент қаласы мен аудан орталықтарында орналасқан  «Кәсіпкерлік мектебі» сізді күтеді.

Шымкентте 2012 жылы ашылған мектепте бүгінгі күнге дейін 17 557 адам бизнестің қыр-сырын игеріп, қолдарына сертификат алған. Ал олардың 1208-і тәуекел етіп, өз ісін бастаған. Осы мектепте білімін жетілдіргендер ертең ел экономикасының еселеп артуына үлес қосады.

«Біз кәсіп бастау үшін қомақты қаржы керек деп ойлаймыз. Шын мәнінде олай емес екен. «Кәсіпкерлерді қолдау орталығына» келіп өз идеямды қалай жүзеге асыруға болатынын сұрадым. Олар маған  «Кәсіпкерлік мектебінде» оқуға жол сілтеді. Келіп жазылып, сегіз күн білім алдым. Сала таңдау, оны жетілдіру, бизнес-жоспар жасау, салық төлеу сынды мол мағлұматтарға қанық болдым».

Бұл – Шымкент қаласының тұрғыны, «Кәсіпкерлік мектебінің» түлегі Сәндіқыз Жамалбекованың пікірі. Медицина саласында 38 жыл тер төгіп, зейнеткерлікке шыққан ол үйде қол қусырып отырғанды жөн көрмеген. Сәндіқыз апай бүгінде «Ырыс» микроқаржы ұйымынан 3 миллион теңге несие алып, кәсібін бастаған. Жылқы бордақылаумен айналысуда. Бүгінде қора-қопсысы салынып, жем-шөбін түсіріліпп, ісін дөңгелетуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпті қалай, неден бастауды үйретеді
  • Шымкентте сапалы есік, терезелер шығарылады
  • «Әділет құрылыс LTD» - қаладағы бірегей кәсіпорын
  • Сыбайлас жемқорлыққа жол берме
  • Жастар таңдауы-тазалық