Бизнес бастауға да білім керек

Screenshot_18.png

Шымкент қаласында қазіргі таңда  800 мыңға жуық жас бар. Қалада жоғары оқу орнын бітіріп, өмірден өз орнын таба алмай жүрген жастарды, кәсіп бастағысы келетін жандарды кәсіпкерлікке бейімдеп, оқытатын мекеме бар.  Ол «Кәсіпкерлік мектебі».

Кәсіпкерлік мектебінде оқыту «Өркен»,  «Сәтті бастама», «Өрлеу» атты үш бағдарлама арқылы  жүргізіледі. «Өркен» - өз ісін ашамын деген 18-29 жас аралығындағы жастарға арналған,  ал «Сәтті бастама» бағдарламасына бастауыш кәсіпкерлер, «Өрлеу» бағдарламасына шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылары мен қызметкерлері, белсенді кәсіпкерлер және шаруалар қатыса алады. «Өркен» бағдарламасы бойынша 3248 жас, Сәтті бастама» бағдарламасы аясында 12695 адам, ал «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1614 адам оқуды нәтижелі аяқтапты. Бес мыңнан астам азамат «Кәсіпкерлік негіздері» курсынан кейін  тәжірибелік шеберлік сабақтарынан өткен.

Мұнда тек теориялық білім беріп қана қоймайды. Озық технологиялар бойынша жұмыс жасап жатқан шаруашылықтарға апарып, іс-тәжірибелерімен таныстырады. Шеберлік сыныптарын өткізу үшін 71 меморандум түзіліпті. Сонымен қатар «Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығы әрбір қатысушыға тегін таратылады. Бұл кітапта бизнес-жобалардың нақты қаржылық есебі, өндірістің технологиясы, тауарды өткізу жолдары түсіндірілген. Бұдан бөлек әдістемелік жинақтар, жаңа технологиялар каталогы, т.б. нұсқаулықтар оқырманға жол тартқан.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бизнес бастауға да білім керек
  • Кәсіпті қалай, неден бастауды үйретеді
  • Шымкентте сапалы есік, терезелер шығарылады
  • «Әділет құрылыс LTD» - қаладағы бірегей кәсіпорын
  • Сыбайлас жемқорлыққа жол берме